Бұл туралы Республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Оқу-жаттығулар төрт елдің әскери арнайы күштері арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жедел үйлесімділікті арттыру мақсатында өткізіледі. Сарбаздар ату, парашютпен секіру сабақтарын, сондай-ақ ұрыс алаңындағы әскер тәртіпке үйренетін болады", - делінген хабарламада.
Жаттығу 7 сәуірге дейін жалғасады. Молдова тұрғындарына алдын-ала ел аумағында әскери техниканың жүруі мүмкін екені ескертілді.
Молдова - Конституцияға сәйкес бейтарап мемлекет, бірақ Альянспен жеке серіктестік жоспары аясында НАТО елдерінің әскерлерімен ынтымақтасады. Елде НАТО-мен байланыс бюросы жұмыс істейді.