Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өткізілуі мүмкін

1114

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өткізілуі мүмкін

Молдовада президент сайлауы хаттамаларының 93,61%-ын өңдеуден өткізгеннен кейінгі қорытынды бойынша  Игорь Додон - 49,6%, ал оны өкшелеп келе жатқан Майя Санду 37,11% дауысқа ие болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап life.ru жазды.

Комиссияның мәліметі бойынша, Додонға – 635,7 мың, ал Сандуға 475,6 мың адам дауыс берді.

Барлық бюллетеньдерді өңдеудің нәтижесі бойынша үміткерлердің бірде-біреуі 50%-дан астам дауыс жинай алмайтын болса, Молдовада сайлаудың екінші кезеңі өткізілуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу