Ресей Молдованың "бірінші кезектегі" серіктесі болуы керек деп санайтындар батысшыл Президент Майя Сандудың отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Кишинев билігінің мәліметі бойынша, демонстранттарды сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп танылып, халықаралық іздеу жарияланған ресейшіл олигархтар Влад Плахотнюк пен Илан Шор басқарып отыр.
АҚШ Ресейді Кишиневтегі еуропалық үкіметті құлату мақсатында Молдовадағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келді деп айыптады. Молдова полициясы жексенбіде наразылық акциясына шығып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін 10 000 доллар уәде еткен ресейшіл топтардың жоспарын бұзғанын айтты, нәтижесінде 7 адам ұсталды.