"13 сәуірде сағат 13:28-де Алматы қаласының 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісінен Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында "Молодежный" шыңында қар көшкіні түскені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша көшкін астында 2 адам қалды. Алғашқы іздестіру-құтқару жұмыстарына 109-қызметінің құтқарушылары жұмылдырылған", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына ТЖД басшылы (6 адам, 2 бірлік техника ), ҚР ТЖМ РЖҚЖ (7 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп), Қазселденқорғау (3 адам 1 бірлік техника), Құтқару қызметі 109 (5 адам 2 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп барлығы 26 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген болатын, қала тұрғындары мен қонақтарына sms, Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала ескертілді.
Құралай Құдайберген