Күн сайын шілденің 7-сі мен 16-сы аралығында Монто-Карлода жерден 50 метр биіктікте түскі астан және екі мәрте кешкі астан дәм татуға болады. Мейрамханаға бас сұғу үшін тәуліктің кез келген уақытын таңдауға мүмкіндік бар: мейлі тал түс, мейлі ақшам немесе жұлдыз жамыраған шақ болсын, таңдау еркіңізде, деп хабарлайды Еuromag.ru.
Монто-Карло казиносының террасасындадағы кран биікте орналасқан мейрамханаға көтеріп, түсіретін болады. Қонақтар арнайы орындықтағы қауіпсіздік белдігін тағып отырады. Бір үстел басында бір мезетте 22 адамға дейін отыра алады, ал қызметшілер ортадағы аспалы алаңда қызмет жасап отырады.
Dinner in the sky жобасы қазірдің өзінде бірқатар елде жүзеге асып отыр. Париж, Брюссель, Лас-Вегас, Нью-Йорк, Ванкувер және басқа да ірі қалалардың тұрғындары мен қонақтары өзгеше мейрамханада қонақ болып үлгерген. Мейрамханаға бармас бұрын алдын ала орынға тапсырыс беру қажет.