Моңғолдар Шыңғыс хан империясының ежелгі астанасын қайта құруды жоспарлап отыр

1915

Моңғолияда Моңғол империясының ежелгі астанасы Қарақорым (Хархорин) орнында тұрғызылатын жаңа қала тұжырымдамасы ұсынылды. Қала 500 мың тұрғынға есептелген.

Моңғолдар Шыңғыс хан империясының ежелгі астанасын қайта құруды жоспарлап отыр Фото: eadaily.com

Бұл туралы жаңа қала құрылысы жөніндегі ұлттық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Жоспарға сәйкес, Қарақорым Моңғолияның жаңа әкімшілік орталығы болады, деп хабарлайды ТАСС. Қала 500 мың тұрғынға есептелген.

"Ақылды қалада жолдардың 70% жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және қоғамдық көліктерге, ал 30% автомобильдерге арналатын болады. Моңғолияның жаңа әкімшілік орталығында Президент сарайы салынады. Үкімет пен министрліктер кезең-кезеңімен көшетін болады", - деді комитет.

Болашақ Астананың ауданы 25 мың гектардан асады, яғни Ұлан-Батырдан 2,6 есе үлкен болмақ. Әуежай Қарақорым орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасады және Шыңғыс ханның немересі-Мөңке ханның есімімен аталады.

Қазір Қаракорам аумағында ежелгі қаланың қирандылары сақталған. 2004 жылы бұл жер іргелес аумақпен бірге Орхон өзенінің мәдени ландшафты болып жарияланды және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.

2022 жылы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Моңғол империясының ежелгі астанасын қайта құру және елдің жаңа орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қарақорым 1235 жылдан 1260 жылға дейін Моңғол империясының астанасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу