Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылып, алапат өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты News.mn ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Ұлан-Батордағы "Дүнжингарав" ірі базарының маңында 60 тонна газ тиелген жүк көлігінің жарылуы салдарынан өрт шықты", - деп хабарлайды портал.
Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, қираудың нақты ауқымы мен зардап шеккендердің саны әлі белгісіз.
Алдын ала бейресми деректер бойынша алты адам қаза тауып, оннан астамы ауруханаларға жеткізілген. 20-дан астам көлік өртеніп кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу