Моңғолия азаматтары енді құқықтық көмекті Қазақстанның Бас прокуратруасынан ғана сұрайды

1030

Заң жобасы Ішкі істер министрлігінің құзыретін шектейді.

Моңғолия азаматтары енді құқықтық көмекті Қазақстанның Бас прокуратруасынан ғана сұрайды

Әділет министрі Марат Бекетаев Сенат депутаттарына Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, Заң жобасы сонау 1993 жылдың 22 қазанында қабылданған хаттамаға өзгерістер енгізуді көздейді. 

"Хаттама екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына өздерінің жеке және мүліктік құқықтарын қорғау үшін соттарға және басқа да құзыретті органдарға тікелей жүгінуді оңайлатады. Хаттаманы іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мыналар: Қазақстан Республикасы үшін – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі; ал Моңғолия үшін – Әділет және ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Жоғарғы Сот болып табылады. Сонымен қатар хаттама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудегі құзыретін белгілейтін Шарттың 27-бабын алып тастауды көздейді. Себебі бұл мәселелер алдағы уақытта Бас прокуратураның құзыретіне жатады", - деді министр. 

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің айтуынша, қазір Монғолияда еліміздің 129 азаматы, 39 кәсіпкері мен 6 инвесторы, 127 мыңнан астам этникалық қазақтар тұрады. Депутат осы тұрғыдан алғанда бұл заң дер кезінде қабылданып жатыр деп есептейтінін жеткізді. 

Мәжіліс мақұлдап жіберген заң жобасын Сенат депутаттары да бірауыздан қабылдады. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу