Моңғолия мектептері орыс тілінен бас тартып жатыр

658

Енді білім ордаларында негізгі шет тілі ретінде ағылшын оқытылатын болады.  

Моңғолия мектептері орыс тілінен бас тартып жатыр Фото: CentralAsia.media

Бұл туралы Моңғолияның білім министрі Пурэвсурэнгийн Наранбаяр айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын қайта қарау мәселесі талқыланды. Биылғы қыркүйек айынан бастап мектептерде негізгі шет тілі ретінде ағылшын тілі оқытылады.

Ағылшын тілі оқытылатын негізгі шет тіліне айналды, деді министр Пурэвсурэнгийн Наранбаяр.

Елдегі 100-астам мектепте Pearson English бағдарламасы бойынша ағылшын тілінен тест сабақтары басталады. Келешекте ағылшын тілі мұғалімдері шетелде және елдегі шет тілдерін үйрететін орталықтарда магистр дәрежесін алу үшін оқудан өтеді деп көзделіп отыр.

Gazeta-N1 басылымының жазуынша, 2023 жылы Моңғолия парламенті – Мемлекеттік ұлы хурал үшінші сыныптан бастап мектептерде ағылшын тілін негізгі шет тілі ретінде оқыту жөніндегі заңды қабылдады. Тиісті түзетулер енгізілгенге дейін орта мектептерде шет тілдері ретінде ағылшын тілі мен орыс тілдері оқытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу