Моңғолия мен Қытайдан бастау алған шаңды дауыл Токиоға жетті

510

Мұндай табиғи құбылыс 2021 жылдан бері бірінші рет тіркеліп отыр. 

Моңғолия мен Қытайдан бастау алған шаңды дауыл Токиоға жетті Фото: Егемен Қазақстан

Моңғолия мен Қытайдан келген шаңды дауыл бейсенбіде Токиоға жетті. Бұл туралы Жапония ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін бірқатар жапон префектураларының, соның ішінде Нагасаки, Фукуока мен Тотторидің билігі  жергілікті тұрғындарды көтерілген шаң-тозаңнан көру қиындағандықтан жолда абай болуға шақырды. Сонымен қатар, балкондарда киім кептірмей, балаларды көшеге шығармай, бетперде киюге кеңес берілді.

Метеорологтар шаңды дауыл жақын күндері Жапонияның барлық аумағына жетуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу