Моңғолия нарығына елімізден жеткізілетін 100 тауардың тізімі түзілді

949

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөздер өткізді.

Моңғолия нарығына елімізден жеткізілетін 100 тауардың тізімі түзілді Фото: primeminister.kz

Үкімет басшылары өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың маңызды әлеуетін атап өтті, ол 2018 жылы $80 млн құрады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Асқар Мамин Қазақстан мен Моңғолияның 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастығын белсендіру жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеуді ұсынды. 

"Сауда-экономикалық ынтымақтастықты қос тараптан да арттыру арқылы екіжақты сауданың барлық әлеуетін ашу қажет. Қазақстандық тарап Моңғолия нарығына Қазақстаннан жеткізіле алатын 100 әлеуетті тауарды қамтыған тізімді әзірледі", – деді ҚР премьер-министрі.

Асқар Мамин Нұр-Сұлтанның Ұлан-Батырмен қарым-қатынасындағы маңызды байланыстырушы фактор Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екенін атап айтты – 120 мыңнан астам қазақтың 90 мыңы Баян-Өлгей аймағында тұрады.

Үкімет басшысы алдағы екі жылда Қазақстанда Моңғолияның Мәдени күндерін және Моңғолияда осындай күндерді өткізуді, сондай-ақ, Өлгей қаласында Абай Мәдени орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу