Ресейдің Иркутск облысында Селенгеге ГЭС салу бойынша өтіп жатқан қоғамдық тыңдалымда моңғол делегациясының өкілі Гэндэнсурэн Ёндонгомбо Ресей тарабын
"Байкал суының деңгейін жасанды түрде түсірді" деп айыптады. Бұл туралы Usolie.info хабарлайды.
Моңғол тарабының айтуынша, көл суының молдығына орай 2014 жылы су тасқыны ықтимал болып, Ресей тарабы бірқатар шаралар қолданып, су деңгейін түсіріп жіберген.
Өз кезегінде, Иркутск облысының табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Нина Абаринова бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол мұндай болжамның болмағандығын атап өтті.
Бұл орайда, Ёндонгомбо ГЭС салу шешімінің жаңа құрылыстың қоршаған ортаға әсерін зерттеп зерделегеннен кейін ғана қабылданатынын жеткізе отырып, теріс деп танылған жағдайда жобадан бас тартатындықтарын жеткізді.