Моңғолия өзінің сыртқы қарызын толығымен өтеді

647

Бұл туралы Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ мәлімдеді. 

Моңғолия өзінің сыртқы қарызын толығымен өтеді Фото: pixabay.com

Моңғолия премьер-министрі инвесторларға арнаған үндеуінде Самурай облигациялары бойынша соңғы төлем туралы жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты montsame.mn агенттігіне сілтеме жасап.

"Өз қаражаты есебінен Моңғолия 30 миллиард Тугрик (200 миллион доллар) сомасына "Самурай" облигациялары бойынша берешекті толығымен өтегенін хабарлағым келеді. Осылайша, жаңа жыл қарсаңында біз сыртқы қарыздан толықтай арыла алдық", - деді Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ.

Айта кету керек, бұған дейін 2023 жылғы 23 қазанда Моңғолия Даму Банкінің "Еуро" облигациялары бойынша өз көздерінен 500 миллион доллар көлеміндегі берешегін толығымен өтеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу