Моңғолия Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді

263

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Моңғолия Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді Фото: Үкімет

Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Моңғолия Президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.

Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды. 

Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін  атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу