Моңғолияда обадан қырылған 3800-ден астам ақбөкен денесінің көзі жойылды. Олардың өлі денелері Гоби-Алтай және Қобда аймақтарынан табылды. Бұл туралы Gogo Mongolia жазды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Басылымның хабарлауынша, қырылған киіктердің 70%-ын төлдер, 27,8 %-ын – аталық және 1,3%-ын - аналықтар құрайды.
Әзірге Моңғолияның "залалды аймақтарында" 2000-3200 сайғақ тіршілік етуде. Ақбөкендер жоғалып бара жатқан жануарлар қатарында. 2016 жылы Моңғолиядағы киік популяциясы он мыңнан асар-аспас шамада болған. 1930 жылы Моңғолия ақбөкенді атуға тыйым салды және ерекше қорғалатын түрлер тізіміне енгізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу