Моңғолияда 7,1 млн-нан астам ірі қара мал қырылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синьхуа агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 5,6 млн малдың өлексесі жойылып, көмілген.
"Ақ және темір жұт кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жоб жұмыстары жүргізілді. Зоонозды инфекцияны зерттейтін орталықтың қызметкерлері, сондай-ақ мал қырылуы бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген аймақтардың көшпелі малшылары жұмылдырылды", - делінген елдің төтенше жағдайлар министрлігі бойынша бас басқармасы таратқан ақпаратта.
Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылдың соңында елдегі жалпы мал саны 64,7 млн басты құраған.