Моңғолияда бубон обасынан қайтыс болған бірінші адам тіркелді

432

Билік тиісті шаралар қабылдады.

Моңғолияда бубон обасынан қайтыс болған бірінші адам тіркелді Фото: ria.ru

Моңғолияда 15 жастағы жасөспірім бубон обасынан қаза тапты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ресми дерекке сүйенсек, оның ағзасына жүргізілген зерттеу нәтижелері баланың қанында осы аурудың болғаны растаған. 

Дерттен көз жұмған бала 12 шілде күні ауруханаға бара жатқан бойда жантапсырған.

Қайғылы оқиғаға дейін баланың 3 күн бұрын достарымен суырдың етін жегені белгілі болып отыр. Оның екі досы мен тағы 15 адам карантинге жабылды. Қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін хабарланғандай, бубон обасы Қытайдың солтүстігіндегі Баян-Нур елдімекенінің малшылары мен Моңғолияның батысында Алтай Республикасымен шекаралас жерде тіркелген болатын. Ауруды екі адам жұқтырған. 

Ресей Федерациясының Улан-Батордағы елшілігінің баспасөз қызметінің айтуынша, Моңғолия билігі шұғыл шаралар қабылдаған, сондықтан алаңдаудың керек еместігін жеткізді. Кей сарапшылар да осындай пікірде, өйткені қазіргі таңда бубон обасына қарсы вакцина бар.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу