Моңғолияда қалып қойған отандастарымыз Президенттен көмек сұрауда

1079

Баян-Өлгей аймағындағы туыстарына қонаққа барып, елге жете алмай жатқан 105 қазақстандықтың бүгінде қайтарға ақшалары да жоқ.  

Моңғолияда қалып қойған отандастарымыз Президенттен көмек сұрауда

Карантиннің кесірінен Моңғолияда қалып қойған отандастарымыз Президенттен көмек сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал елде оларды ата-аналары мен бала-шағалары күтуде. Азаматтарымыз мәселені тездетіп шешуді өтініп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бейнеүндеу жолдап отыр.

Ал карантин кезінде керісінше шетелге шығуға қандай жағдайда рұқсат етілетіндігіне тоқталсақ. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі өкілдерінің айтуына қарағанда, қазақстандықтар белгілі бір иммиграциялық мәртебесі болған жағдайда ғана өзге елге бара алады. Әрі бөтен мемлекетте тұрғылықты мекенжайы, миграциялық визасы болса,  сапарлауға рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, сырқат туысының жағдайын білу мақсатында шетелге шыға алады. Жерлеу рәсіміне бару сияқты жайттар қарастырылған. Сонымен қатар,  Шекара қызметінің өкілдері Қазақстан азаматтарының қандай жағдай болмасын өз мемлекетінің аумағына кіруге құқылы екенін айтты. Бұл жөнінде жұмыстар атқарылып, механизмдер әзірленген. Осы уақытқа дейін шетелден 12 мыңдай отандасымыз елге оралған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу