Моңғолияда көмірдің ұрлануына бұрынғы президенттің қатысы бар болып шықты

594

Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмаагийн Баттулга, жеті депутат пен бір губернатор көмірді ірі көлемде ұрлау ісіне күдікті деп танылды. Тізімде барлығы 35 адам бар.  

Моңғолияда көмірдің ұрлануына бұрынғы президенттің қатысы бар болып шықты Фото: ТАСС

Бұл туралы бүгін РИА Новости елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Президент Әкімшілігінің бұрынғы төрағасы, сондай-ақ көлікті дамытудың бұрынғы министрі Баттулга көмір өндіруге, тасымалдауға және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік ақшаға сатып алуға қатысқан.

"Қазіргі уақытта барлығы 22 тергеу ісі жүргізілуде. Тергеу барысында 47 нысанда тінту жүргізіліп, 15 адам қамауға алынып, он адам ұсталды", - деді Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті тергеу бөлімі басшысының орынбасары.

Бұған дейін моңғол мемлекеттік көмір өндіру және экспорттау компаниясының бұрынғы басшысы Баттулгын Ганхуягты, оның туыстарын және бірнеше кәсіпкерлер тінту жүргізілгеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу