Моңғолияда жұттан 3,9 миллионнан астам мал қырылды

351

Ақ және темір зуды – мал қар астынан тамақ таба алмай, аштық пен суықтан қырылуға әкелетін табиғи апат.

Моңғолияда жұттан 3,9 миллионнан астам мал қырылды Фото: dzen.ru

Биыл Моңғолия жұттың салдарынан 3,9 миллионнан астам малынан айырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярху жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды Синьхуа агенттігі. 

Оның айтуынша, малдың қырылуына биылғы жұт себеп болған. Жергілікті билік бұл жағдайды ақ және темір зуды немесе қысқы жұт деп атаған. 

Ақ және темір зуды – мал қар астынан тамақ таба алмай, аштық пен суықтан қырылуға әкелетін табиғи апат.

Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Моңғолияда жалпы мал басы 9,1 пайызға азайып, 64,7 миллион басты құрады.

Бүгінде мал шаруашылығы Моңғолия экономикасының негізгі саласының бірі, сонымен қатар 40 пайызға жуық табыс көзі болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу