Моңғолияда жылдық инфляция 5,7 пайызды құрады

248

Жылдық инфляцияның қалыптасуына дәрі-дәрмектің, медициналық қызметтің 7 пайызға өсуі тікелей әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Моңғолияда жылдық инфляция 5,7 пайызды құрады Фото: stat.gov.kz

Ал, өндірістік тауарлар, алкогольсіз сусындар мен минералды сусындардың бағасы 6,7 пайызға сондай-ақ киім-кешек, текстиль және аяқ киімнің бағасы 5,8 пайызға, мебель мен тұрмыстық техника, электроника 5,4 пайызға өскені әсер еткені хабарланды.  

Моңғолия Орталық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың сәуір айында елдегі жылдық инфляция 6,4 пайызды құрады. Алайда елдегі 3,5 миллион халықтың жартысынан астамы тұратын елдің астанасы Ұлан-Баторда бұл көрсеткіш 6,1 пайызды құрады.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сенсек, Моңғолияның жалпы ішкі өнімі 2024 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға өскен. 

Бұл ретте Дүниежүзілік банк сарапшылары Моңғолиядағы экономикалық өсім негізінен тау-кен секторындағы өндіріс көлемінің артуы, жеке тұтынудың қалпына келуі және фискалдық экспансияға қатты тәуелділік есебінен болады деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу