Моңғолияға экспорттауға арналған өнімдердің ветеринарлық сертификаттары келісілді

768

Қазақстандық делегация Моңғолия делегациясы өкілдерімен кездесулер өткізді. 

Моңғолияға экспорттауға арналған өнімдердің ветеринарлық сертификаттары келісілді

Қазақстан Моңғолияға құс еті, жұмыртқа, тірі мал мен генетикалық материалды экспорттауға ветеринарлық талаптарды бекітті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 87-ші жалпы отырысы аясында қазақстандық делегация Моңғолия делегациясы өкілдерімен кездесулер өткізді. 

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптардың ветеринарлық қызметтері арасында хаттама түзіліп, қол қойылды.

Қазақстаннан Моңғолияға экспорттауға арналған құс еті, тауық жұмыртқасы, мал, генетикалық материалдарының ветеринарлық сертификаттары келісілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу