Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында жарияланды.
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 1993 жылғы 22 қазандағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға;
- Терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге;
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы білім беру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара мойындау туралы келісімге;
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Моңғолияның білім, мәдениет және ғылым министрлігі арасындағы 2008 жылғы 6 тамыздағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитеті мен бас ветеринарлық басқарма – Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі арасындағы ветеринарлық бақылау мен қадағалау саласындағы меморандумға;
- Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлан-Батыр қаласының арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы келісімге;
- Моңғолияның өсімдік шаруашылығы және егіншілік институты мен А. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік астық шаруашылығы орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Моңғолия үкіметі басшысының Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумын өткізу, "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық жасыл технологиялар орталығына бару жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу