Моңғолиямен өзара сауда 1,7 есе өскен

566

Сауда көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асқан 

Моңғолиямен өзара сауда 1,7 есе өскен Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

"Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қ.Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу