Шілденің 26-27 аралығында Моңғолияның көптеген жерлерінде нөсер жауын жауып, кей жерлерде бұршақ түсті. Осының барлығы да жергілікті тұрғындарға айтарлықтай шығын келтірді, деп хабарлайды egemen.kz.
Құбылмалы ауа райы биылдыққа бірінші рет болып отырған жоқ. 21 маусым күні Говь-Алтай аймағында да қар жауып, боран болған. Ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан Моңғолияның Ховд, Буянт, Сагсай және Турган сияқты өзендерінің суы арнасынан асты. Бұған қоса қазір синоптиктер бүкіл ел аумағында жақын күндері өткінші және нөсер жауын жауады деп болжап отыр.
Жауынның салдарынан шағын өзендерде су арнасынан асып, тасқын болуы да мүмкін. Осы себепті ата-аналарға балаларын жақын маңдағы өзен-көлдерге жібермеу жөнінде ескерту жасалды.