Моңғолияның сыртқы қарызы ұлғайып барады

Мұндай мәліметті елдің ұлттық Статистика комитеті хабарлап отыр.  

Моңғолияның сыртқы қарызы ұлғайып барады Фото: Asia Russia Daily

Былтыр Моңғолияның жалпы сыртқы қарызы 37,1 млрд АҚШ долларға жетіп, 7,4 пайызға ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz сайты Синьхуа-ға сілтеме жасап.

– Бұл көрсеткішке тікелей инвестициялар немесе фирмааралық несиелердің 14,4 пайызға өсуі әсер етті, – делінген ресми хабарламада.

Комитет таратқан ақпараттан Моңғолияның сыртқы қарызының шамамен 46,5 пайызы тікелей инвестициялар немесе фирмааралық несиелендіруге тиесілі екенін байқауға болады. Ал 21,2 пайызы — Моңғолия үкіметінің жалпы қарызы, қалған бөлігі Орталық банк пен басқа жинақтау мекемелерінің қарызы саналады.

Дүниежүзілік банк сарапшылары "2025 жылы тау-кен өнеркәсібінің өсуі және ішкі сұраныстың артуы есебінен Моңғолия экономикасы 6,5 пайызға өседі" деп болжаған. 

Бұған дейін еліміздің өткен жылы 100 ірі инвестициялық келісім бекіткенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу