Мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі

599

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талап күшейтілетінін мәлімдеді. 

Мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі

Осыған қатысты нақты іс-шара қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz спикердің сөзіне сілтеме жасап. 

"Бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талапты күшейту жөніндегі іс-шара қабылданады. Барлық әкімдер адамдар көп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуға тиіс. Барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын күшейтіп, қоғамдық орындарға келушілерде "Ashyq" мобильді қосымшасымен тексеру талабын қатаң сақтау керек. Ең маңызды мәселе – халықты вакцинациялау. Бұл іс барлық деңгейдегі қала, аудан, облыс әкімдіктерінің күнделікті жеке бақылауында болуға тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу