Жүргізілген мониторинг нәтижесінде еліміздегі ауасы ең лас 10 қала анықталды

1231

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қоршаған ортаның ластануының негізгі себебі жылу қазандықтары, автокөлікке байланысты.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде еліміздегі ауасы ең лас 10 қала анықталды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов еліміз бойынша ауасы ең лас 10 қаланы атады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қазгидрометтің экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсібі бар 10 қала атмосфералық ауаны жоғары деңгейде ластайтыны анықталды. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары", – деді спикер. 

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасының айтуынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі себебі жылу қазандықтары, автокөлік пен жеке секторларға тиесілі. Өскемен және Теміртау қаласында ауа сапасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға байланысты төмен деңгейде. Ал Ақтөбе және Атырау қаласы бойынша ескірген кәріз жүйесі экологиялық мәселелерге әкеліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу