Мониторингтік топ Қазақстанның барлық базарларын тексереді

Бұған дейін "Алтын Орда" базарыда бақылау басталып, онда 300-ден аса заң бұзушылық анықталған. 

Мониторингтік топ Қазақстанның барлық базарларын тексереді Фото: primeminister.kz

Құзырлы органдар республикадағы барлық сауда алаңдарын тексереді. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз қазір "Алтын Орданы" мұқият тексеріп жатырмыз. Мониторингтік топ, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі – әр базарда осындай жұмыс жүргізеді", - деді Шаққалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Алтын Орда" ірі сауда базарында жүргізілген тексеру барысында санитарлық, ветеринарлық, экология, еңбек, сәулет, өрт, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау салаларында 300-ден астам заң бұзушылық анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу