Мониторингтік топ мүшелері жеке куәлікті көрсетуге міндетті

865

Егер тексерушілер құжат көрсетуден бас тартса, оларды бейнежазбаға түсіріп, "Атамекен", прокуратура немесе тура тексеру уақытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікке жүгінуге болады. ҰКП мамандары кәсіпкер мониторингтік топтың тексеруі жайында білу керек деген пікірде.

Мониторингтік топ мүшелері жеке куәлікті көрсетуге міндетті

"Атамекен" ҰКП мониторингтік топтар жұмысы жетілдіру және тексеру жүргізу үшін нақты ережелердің болмауына қатысты мәселені бірнеше рет көтеріп келді. Ұлттық палата жұмысы және ұсыныстары арқылы тексерулер кәсіпкерлерді жүргізу процесі кәсіпкерлерге түсінікті болды. "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір мониторингтік топтардың жұмысы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

 – Мониторингтік топтардың мүшелері нысанда қандай бұзушылықтарды анықтай алады?

 – Санитарлық дәрігерлердің қаулыларында бизнес объектілеріне көптеген талаптар жазылған: дезинфекциялайтын төсеніштер, санитайзерлер, санитарлық тораптардағы сұйық сабын, қызметкерлерге арналған қолғаптар мен маскалар. Әрине, бұл талаптар орындалуы керек. Алайда тексеру ережелеріне сәйкес кез келген мониторингтік топ кәсіпкерлік объектілерінің тек 5 талапқа сәйкестігін тексеруге мүмкіндігі бар. Бірақ бұл қалған талаптар орындалуға жатпайды дегенді білдірмейді.

Жаңа ережелер мониторингтік топтарға бизнесті келесі бұзушылықтарды: жұмыс режимі, оның ішінде тыйым салынған объектілердің жұмысы; отбасылық, мерейтойлық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және көптеген адамдар жиналған басқа да іс-шараларды өткізу; әлеуметтік қашықтықты сақтау; маска режимі; келушілер санының шектен асуын тексеруге мүмкіндік береді. Мәселен қолғап, дезинфекциялық кілемше және тоннельдердің болуы сынды талаптарды мониторингтік топтар тексермейді.

 Мониторингтік топтардың мүшелері кәсіпкерлерге бұзушылықтар үшін айыппұл сала алмайды.

– СЭҚ қызметі толыққанды тексеру жүргізбей құқықбұзушылық туралы актіні негі толтырады?

– Егер мониторингтік топ белгіленген бес бұзушылықтың бірін анықтаса, ол әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды СЭҚ-қа жібереді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 802-бабы топ құрамына кіретін құқық қорғау органдарына заң бұзушылықтар туралы материалдарды СЭҚ-қа жіберуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда санитарлық дәрігердің объектіге шығуы талап етілмейді.

 Сонымен қатар бұзышылықты анықтаған соң мониторингтік топ нысанды тексеру үшін шұғыл хабарламаны СЭҚ инспекторларына жібере алады. Сол кезде инспектор нысанды тексеру парағында қарастырылған 24 талапты орындалуына тексереді.

 Бұзушылықтар анықталғанда кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша айыппұл салынуы мүмкін, шағын бизнеске мұндай айыппұл 640 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар шектеу шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы нұсқама шығарылады, негізінен бұл шара той, мейрамханалар мен түнгі клубтарды өткізетін мейрамханаларға қатысты. Егер екінші тексеруде бұзушылықтар анықталса, онда нысанның жұмысы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 462-бабына (3-бөлім) сәйкес тоқтатылады.

 – СЭҚ айыппұл салуы мүмкін болатын  24 талап қандай?   

– СЭҚ тексеруі –  Кәсіпкерлік кодекс шеңберінде жүзеге асырылатын толыққанды жоспардан тыс тексеру. Оны тек 24 талап бойынша жүргізуге болады. 24 талаптың барлығы бірдей бизнеске қатысты бола бермейді. Мәселен антисептикалық және қорғаныс құралдары болу талабы азық-түлік дүкендеріне емес, көлік жүргізушісі және қоғамдық көліктің кондукторына қатысты екені анық. Сонымен бірге, орамдағы тамақ өнімдерін сату туралы талап көлік құралдарына қолданыла алмайды.

 Тексеру парағында дезинфекциялық кілемшелер немесе тоннельдерді орналастыру бойынша талаптар жоқ. Кәсіпкерге осы талаптарды орындамағаны үшін айыппұл сала алмайды. Бұл қандай талаптар екенін түсіну үшін оларды ныанда сақтау керек, бизнесіңіздің жұмыс ережелерін зерттеп көріңіз.

 – Мониторингтік топ құрамына кімдер кіреді және топтың заңды екенін қалай тексеруге болады?

 – Мұндай топтарға міндетті түрде әкімдік пен полиция қызметкерлері кіреді. Сонымен қатар, еріктілер, қоғамдастық жетекшілері және мүдделі тараптар қосылуы мүмкін. Тексеруді әкімдіктердің веб-сайттарында ашық ету үшін тексеруге баратын мониторинг топтары мүшелерінің тізімдері жариялануы керек. Мониторингтік топ мүшелері егер бар болса, жеке куәлікті көрсетуі тиіс. Егер тексерушілер құжат көрсетуден бас тартса, оларды бейнежазбаға түсіріп, "Атамекен", прокуратура немесе тура тексеру уақытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікке жүгінуге болады.  

 – Егер маған мониторингтік топ келсе немесе тексеру бұзушылықтар болса қайда барып жүгіне аламын? 

– Егер тексеру кезінде бұзушылықтарды көрсеңіз немесе кеңес керек болса "Атамекен" немесе прокуратура мамандарына қоңырау шалыңыздар. Ұлттық палатаның байланыс орталығы – 1432. Жемқорлық фактілер орын алса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне хабарлау керек – 1424.

Бізде прокуратурамен бірге мобильді топтар құрылған, олар нысанға барып, тексеруде сүйемелдеу көрсете алады. Сондай-ақ "Атамекен" немесе прокуратура қызметкерлері телефон арқылы кеңес бере алады. Егер тексеру жүргізіліп қойса, онда құжаттарды алған соң прокуратура тексерушілер әрекетінің заңдылығын тексере алады, ал "Атамекен" – тексеру нәтижесіне шағым түсіруге көмектеседі.

– Бұзушылықтар үшін маған қандай айыппұл салынады? 

– Санитарлық талаптарды бұзу – ӘҚБК 425-бабы бойынша жауапкершілік: жеке тұлғаларға 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар үшін – 230 АЕК; орта кәсіпкерлік – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік – 1600 АЕК.

 Біз бұл айыппұлдарға қарсы шыққанбыз. Өкінішке қарай, әзірге мөлшер азайтылмады, дегенмен біздің бастамамыз бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов осы айыппұлдарды бұзушылықтар ауырлығына қарай бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Әзірге бұзушылық жасаған, мысалы қызметкерлердің жұмысқа шығу есеп журналын жүргізбеген кәсіпкерге де 640 мың теңге және көпшлікті жинаумен ауқымды іс-шара жүргізген кәсіпкерге де 640 мың теңге төлеу керек болады. Айта кетелік, ӘҚБК 810-811 баптары бойынша 7 тәулк ішінде айыппұлдың жартысын төлеп, істі жабуға мүмкіндік береді.

 Қайталама бұзушылықтар үшін кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарта алады және айыппұлды жаза алады: жеке тұлғаларға – 5 АЕК; шағын кәсіпкерлік үшін – 100 АЕК; орта бизнес үшін – 200 АЕК; ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 500 АЕК. Кәсіпкердің қызметін тек сот қана тоқтата алады.

 – Қызметкер немесе келуші маска тақпаса кім кінәлі саналады?

–  Егер жұмыс беруші қызметкерлер мен қонақтарға қорғаныс құралдарын жеткізіп, қамтамасыз еткен болса, бірақ келушілер мен қызметкерлер оларды пайдаланудан бас тартса, онда талаптар мен режимді бұзған адамдар жауап береді.

 "Атамекен" бұл мәселені денсаулық сақтау минитсрлігіне жолдаған, мынадай жауап алды: "...халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзған жағдайларда кәсіпкер мен оның тұтынушысының жауапкершілігін шектеу мәселесі бойынша позиция әзірленді. Жеке тұлғалар мобильді топтардың, сондай-ақ ішкі істер органдары берген материалдардың тексеру нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Азаматтар маска кию режимін сақтамаған жағдайда, әрбір құқық бұзушылық жеке-жеке қаралады және бұзушылық жасаған адам ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады" делінген.

 – Тексерулерді жақсарту  үшін ҰКП қандай жұмыс жүргізуде?

 – Біз мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Мәселен, жемқорлық тәуекелдерді азайту үшін мониорингтік топ ақпараттық жүйеде тексермек нысанның деректерін алдын ала беліглеп алу ұсынылды. сонымен қатар күніне бірнеше рет бір мекемені тексеру фактілері алынып тасталады. Барлық мониторингтік топтар цифрлық із қалдыруы керек, бірақ қазір олай емес. Көптеген бақылау топтары барған нысандарын есепке алмайды және олар бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Қазір пилоттық жоба ішінара Түркістан облысында жүзеге асырылды. Біз осы тәжірибені бүкіл ел ауқымында кеңейтуді көздеп отырмыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу