Мониторингтік топтар тойлатқыштарды тоқтата алмай жүр

641

Елорданың мониторинг топтары кәсіпкерлер арасында карантин талаптарын қасақана бұзушыларды анықтап-ақ жатыр. Дегенмен қалада карантиннің күшейтілгеніне қарамастан той-жиын өткізетіндер азаймай тұр.

Мониторингтік топтар тойлатқыштарды тоқтата алмай жүр

Өкен тәулікте бірден екі той өткізіліп, оған 100 адам қатысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

27 маусым күні елордада карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталған. 

"Есіл ауданында орналасқан "Portofino" мейрамханасында 100 адамға арналған той өткізілді. Мекемеде қалалық санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шаралары сақталмаған. Ал Алматы ауданындағы "Бақ сарай" мейрамханасында 100 адам қатысқан шара өтті. Сол сияқты "Ешь, пей" барында да әлеуметтік арақашықтық бұзылған. Карантиндік режимді бұзғаны үшін Байқоңыр ауданындағы "Мустанг" кафесі мен Сарыарқа ауданындағы "Панаехали" барының қызметкерлері бетперде кимегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған әкімдік сайтында.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберіліпті.

Естеріңізге сала кетейік, эпидемиологиялық ахуалға байланысты елорда әлі де "қызыл" аймақта. Бұған қоса науқастар арасында тез таралып, иммунитетті әлсірететін коронавирустың үнді штаммы анықталды. Қазіргі жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ, кәсіпкерлер дәрігерлердің нұсқаулары мен санитарлық нормалардың бәрін қатаң түрде сақтауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу