Моноқалалар мен шағын қалалардың дамуына жыл сайын 10 миллиард теңге бөлінеді

1297

Бұл туралы елбасы "Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезінде айтты.

Моноқалалар мен шағын қалалардың дамуына жыл сайын 10 миллиард теңге бөлінеді

Моноқалалар мен шағын қалалардың дамуына жыл сайын 10 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезінде.

"Алдағы үш жылда шағын және моноқалаларды дамытуға қосымша 10 млрд теңге бөлінеді. Осы мәселемен айналысу керек!",­– деді елбасы съезде.

Айта кетсек, "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған съезде 10 бағыттан тұратын бағдарлама қабылданады.

Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, бағдарлама отбасылардың жағдайын жақсартуға арналған. Сондай-ақ құжат білім, денсаулық сақтау, экономика, бизнес, мемлекеттік басқару, әлеуметтік мәселелер, жастар, партияның саяси көшбасшылығы секілді бағыттарды қамтып отыр.

Бұл ретте, партия ел үкіметімен бірлесіп "Бақытты отбасы" жобасын жүзеге асырмақ. Бұл жоба көп балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталады.  

Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і еліміздің өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы – қонақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу