Моноқалалар Сарань қаласына қарап бой түзейтін болады

210

Алатау қаласын дамыту шеңберінде инвестиция тарту көзделеді. 

Моноқалалар Сарань қаласына қарап бой түзейтін болады Фото: gov.kz

Бүгін Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Үкімет отырысында оқылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Соған сәйкес, басқа моноқалалардың экономикасын әртараптандыру үшін Сарань қаласының экономикалық даму тәжірибесі ауқымды қолданылады.

Алатау қаласын дамыту шеңберінде инвестиция тарту көзделеді. 
  
Жоспарда сондай-ақ энергетика секторында және коммуналдық шаруашылықта бірінші кезектегі инфрақұрылымдық міндеттерді шешу, таяудағы 3 жылда рентабельділік деңгейіне дейін теміржол тасымалына реттелетін тарифтерді бекіту, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, ЖИ енгізу үшін құқықтық жағдайлар және Жолдаудың басқа да бағыттары көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу