Моноқалаларда 43,5 мың адам баспана кезегінде тұр

230

Аудан орталықтарында баспана алуға 2 мың несие беру жоспарланып отыр. 

Моноқалаларда 43,5 мың адам баспана кезегінде тұр Фото: inbusiness.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев моноқалалардағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Моноқалаларда тұрғын үй кезегінде 43,5 мың адам тұр. 2023 жылы республика бойынша барлығы 10,7 мың жалдамалы пәтер сатып алынды, оның ішінде моноқалаларда 673 пәтер. Осы себепті азаматтарды тұрғын үймен әділ қамтамасыз ету үшін 2023 жылдың аяғында әкімдіктерге қаражатты аудандар мен қалалар арасында кезекте тұрғандар санына қарай бөлу талабы енгізілді. "Отбасы банктің" қайтарылатын қаражаты есебінен моноқалаларда, аудан орталықтарында және ірі ауылдарда екінші нарықтан баспана алу үшін кемінде 2 мың несие беру жоспарланып отыр", - деді министр.

Оның дерегінше, өңірлік бағдарламалар аясында өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Отбасы Банкі" Ақсу, Теміртау және Аягөз қалаларының 3 әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. 

"Сондай-ақ, ұжымдық ипотекалық бағдарламалар аясында 5 үлкен кәсіпорынмен жұмыскерлерге жалға берілетін тұрғын үйді сату бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу