Монополистерді және қоғамдық маңызы бар нарықтарды тексеру жүйесі қатаңдатылады

853

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында министрлік бірқатар шара қабылдады.

Монополистерді және қоғамдық маңызы бар нарықтарды тексеру жүйесі қатаңдатылады

Монополистерді және қоғамдық маңызы бар нарықтарды тексеру жүйесі қайта қаралып, қатаңдатылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар және жалпы тариф қалыптастыру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында министрлік бірқатар шара қабылдады.

Қысқа мерзімді шаралар шеңберінде, біріншіден, ҚР бас прокуратурасының ұсынымын орындау аясында монополистердің электр энергиясын беру және жабдықтау саласындағы қызметтерге арналған тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізілді.

Осылайша, бүгінде тарифтер төмендетілді: 10 монополист бойынша жылумен жабдықтау қызметтеріне 4,4 млрд теңге сомаға (Астана және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); 14 монополист бойынша электр энергиясын тарату және жабдықтау қызметтеріне 12,1 млрд теңге сомаға (Астана, Алматы және Шымкент қалалары, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары).

Екіншіден, халықпен кері байланысты ұйымдастыру үшін барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалаларда 2018 жылғы 12 қарашада БАҚ-тың, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, "Нұр Отан" партиясының, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйіткілді мәселелер бойынша халықты қоғамдық қабылдаулар ашылды.

Тимур Сүлейменов тек қана бір күнде қатысушылар саны 617 адамды құрағанын атап өтті. Осындай қоғамдық қабылдаулар апта сайын өткізілетін болады.

Қоғамдық қабылдаулар қорытындылары бойынша 2018 жылғы 16 қарашаға дейін келіп түскен шағымдардың негізінде сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және электр энергиясы мен газды беру, жабдықтау қызметтерін көрсететін базалық монополистер қызметіне жоспардан тыс тексерістер жүргізу ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, ұлттық экономика министрі орта мерзімді шараларға қатысты сөз қозғады. Мәселен, тарифтерді белгілеу және монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерді орындауды бақылау ашықтығын күшейту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу