Монополияға қарсы агенттік Яндекс такси бағасына қатысты ескерту жасады

151

БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді.  

Монополияға қарсы агенттік Яндекс такси бағасына қатысты ескерту жасады Фото: Жанар Каримова

Отырыс барысында динамикалық баға белгілеуге қатысты аналитикалық талдау және Яндекс таксидің комплаенс міндеттемелерін орындау мәселесі қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пікірталас нәтижесінде Яндекс.Таксиге сұраныс өсуі мүмкін геоаймақтар туралы деректерді алгоритмге енгізу арқылы шекті кезеңдерде баға құбылуын төмендету ұсынылды. Бұл жүргізушілердің қажетті аймақтарға уақытылы ауысуын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда агенттік тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері таксидің жолақысы орташа есеппен 7 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш қала тұрғындары мен күнделікті көлік қызметін пайдаланушылар үшін айтарлықтай өзгеріс болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу