Монополияға қарсы комитет "Астана ЕРЦ"-ны сотқа бермек. Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігіне қарасты табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіндегілер хабарлады.
Айтуларынша, "Астана ЕРЦ"-ге қарсы тергеу амалдары көктемде басталған. Ал шілденің 11-інде әкімшілік құқық бұзушылық байқалып, енді іс сотқа жіберілмек.
Коммуналдық қызметтің есебімен айналысатындарға заңды бұзған, қызметін асыра пайдаланып, әртүрлі бағаларды тиімсіз қолданған деген айыптар тағылуда.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЕРЦ" – Нұр-Сұлтан қаласындағы коммуналдық қызметтердің есебін шығаратын жалғыз орталық. Ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бүгінде онда елордалық 270 мың адамның дербес шоты бар.