Монополияға қарсы комитет сүт компаниясын сотқа берді

991

 Оған компанияның өз өнімдеріне "Лучше родное, чем привозное…" деп жазған жарнамасы себеп болған.

Монополияға қарсы комитет сүт компаниясын сотқа берді

Монополияға  қарсы комитет ақтөбелік сүт компаниясын сотқа берді. Оған компания өз өнімдеріне "Лучше родное, чем привозное…" деп жазған жарнамасы себеп болған, деп хабарлайды Atameken Business.  

Табиғи монополияларды реттеу департаменті бұл сөз тіркесі бәскелестік туралы заңға қайшы деп тапқан. Олардың айтуынша, ақтөбелік компания халықты тек жергілікті өнімді алуға шақырады. Сол үшін қазіргі уақытта аталған мекемеге қатысты іс қозғалған.

Ал, өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары ұранды зерттей келе, ешқандай заңбұзушылық жоқ деп шешіп, сүт өнімдері Ақтөбеде ғана емес, БҚО-ның барлық жерлерінде сатылатынын айтады. Енді заңгерлер сүт компаниясының мүддесін барлық сот отырысында қорғамақ. Егер де олар сотта жеңіліп қалса, компания 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу