Монополияға қарсы орган қай салаларды бақылауға алғаны белгілі болды

303

Себебі кейбір салалардың баға мен инфляцияға әсері бар. 

Монополияға қарсы орган қай салаларды бақылауға алғаны белгілі болды Фото: ortcom.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров агенттіктің қазір қай салаларды жіті назарға алғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көмір, жанар-жағармай және электр энергетикасы нарықтарын ай сайын қатты бақылауда ұстаймыз. Өйткені, бұл – әлеуметтік нарықтар. Олар баға өсіміне, инфляцияға қатты әсер етеді. Сол себепті бұл дәстүрлі нарықтар әрдайым ерекше бақылауда болады", – деді ол Астанада өткен XI Еуразиялық монополияға қарсы форум кулуарында.

Марат Омаров агенттік әуе билеттерінің бағасын реттемейтінін еске салды. 

"Былтыр әуе билет құнына әуе керосинінің бағасы әсер етіп жатқанын айттық. Бұрын "отын алымы" деген түсінік болған, біз оны сот тәртібімен алып тастадық", – деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу