Монополияға қарсы органға ақпарат ұсынбағаны үшін кәсіпкерге 4,9 млн теңге айыппұл салынды

723

Айыппұлды төлеудің ерікті мерзімі 30 күн.

Монополияға қарсы органға ақпарат ұсынбағаны үшін кәсіпкерге 4,9 млн теңге айыппұл салынды

"INTERTRANS C. A." ЖШС көлік-экспедиторлық компаниясы тарапынан теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтеріне негізсіз жоғары баға белгілеуге қатысты кәсіпкердің өтінішін қарау шеңберінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті экспедиторлық компанияның атына тиісті сауал жолдаған.

Бірақ "INTERTRANS C. A." ЖШС сұратылған ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған.

Монополияға қарсы департаменттің сауалына ақпарат ұсынбау фактісі бойынша "INTERTRANS C. A." ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

БҚДА Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының қаулысымен "INTERTRANS C.A." ЖШС құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылып, 1660 АЕК немесе 4900800 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облыстық соты Сот алқасының 2022 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен БҚДА Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу