Монпелье турнирінің ширек финалында қос қазақстандық теннисші кездеседі

418

Бублик турнирді екінші айналымнан бастады.

Монпелье турнирінің ширек финалында қос қазақстандық теннисші кездеседі Фото: ktf.kz

Александр Шевченко Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 104-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александр бірінші партияда тай-брейкте әбжілдік танытты - 7:6 (7:3). Екіншісінде франциялық спортшы қарымта қайырды - 6:2. Шешуші, үшінші партияда Шевченко брейк жасап, басымдылығын сақтап қалды - 6:3.

Осылайша, жарыстың ширек финалында Александр Шевченко мен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу