Моншада тұрып жатқан мақтааралдықтарға баспана салынады

949

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин су алған ауылдарға келген жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Моншада тұрып жатқан мақтааралдықтарға баспана салынады Фото: primeminister.kz

Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрып жатқан 28 отбасыға жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин су алған ауылдарға келген жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысына Мақтаарал ауданын қалпына келтіру үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу