Халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігі биыл темір тұлпарлардың саудасына қатысты жаңа болжам жасады. Соңғы мәліметпен ұйымның өкілдері бөлісті.
"Коронавирус пандемиясы экономиканы іркілтіп отыр. Сондықтан көлік сатылымы әлем бойынша 20%-ға қысқарады. Бұрынғы болжам бойынша 14% пайыз болады деп топшылаған едік", – дейді Moody’s қызметкерлері.
Агенттіктің есебінше, бұл көрсеткіш Еуропада 30%-ға, АҚШ-та 25%-ға төменудеуі ықтимал. Ал Қытайдағы нарық айтарлықтай зардап шекпейді. Бұл елдегі сауда көлемі небәрі 10%-ға кемиді.
Дегенмен Moody’s келесі жылы G20 елдерінің ЖІӨ 4,8%-ға өссе, автокөлік сатылымы 11,5%-ға артуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4,3 миллионнан асып, оның 296 мыңы қайтыс болды. Осы күнге дейін аурудан 1,54 миллион адам жазылған.
Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com