Moody's: Беларусь сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырады

848

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Ресейде 1918 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарыз бойынша дефолт орнағанын хабарлады.

Moody's: Беларусь сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырады

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Беларусьтің сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Агенттік 13 шілдеде жеңілдік кезеңі аяқталғанын, яғни осы уақытқа дейін бұл ел Belarus-22,9 деп аталатын еурооблигациялар бойынша 27 миллион доллар көлемінде қаражат төлеуі тиіс болғанын жариялады.

Беларусьтің министрлер кеңесі мен Ұлттық Банкі еурооблигациялар бойынша қарыз міндеттемелерін Беларусь рублімен орындауға шешім қабылдаған. Moody's шетел валютасындағы қарызды рубльмен төлеуді дефолт деп жариялады.

"Шетел валютасындағы қарызды рубльмен төлеу дефолт болып табылады", – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Ресейде 1918 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарыз бойынша дефолт орнағанын хабарлады. Дефолт ресми түрде жарияланбады, оны әдетте халықаралық рейтингтік агенттіктер хабарлайтын еді. Бірақ олардың барлығы Ресейдегі қызметін тоқтатып тастағаны белгілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: Twitter.com/nexta_tv

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу