Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі ХАМАС тобымен қарулы қақтығыстың күшеюіне байланысты Израильдің рейтингін төмендету мүмкін. Бұл мәселені агенттік қайта қарайтынын хабарлады.
Бүгінде Израильдің жергілікті және шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтері A1 деңгейінде.
Бұған дейін тағы бір жетекші рейтингтік агенттік Fitch Ratings елдің рейтингін төмендету мүмкіндігін хабарлап, шолуды бастады.
Айта кететіні, Израильдің рейтингі тарихта ешқашан төмендеген емес.
Дегенмен, ХАМАС шабуылына дейін ол сот реформасына қарсы ауқымды наразылықтарға байланысты қысымға ұшырады. Мәселен, сәуірде Moody's рейтингтік болжамын "оң" дегеннен "тұрақтыға" төмендетті.