Moody's Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін растады

914

 Moody's Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін растады

Moody's investors service халықаралық рейтинг агенттігі "Baa3" елдерінің тәуелсіз рейтингі деңгейінде "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бұл рейтинг Қазақстан Тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі тұрақтылығын, басқару қызметі мен бизнес-стратегия тиімділігін көрсетеді, деп мәлімдеді Қазақстан Тұрғын үй құрылыс  жинақ банкінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы 9 айдың нәтижесі бойынша банк елдегі барлық ипотекалық қарыздың 64 пайызын берді. Бұл ретте банкте кредиттік қоржынның сапасы өте жоғары, проблемалық қарыздардың үлесі 0,44 пайызды құрайды. Мерзімі өткен берешектің мұндай төмен деңгейі қарыз алушылардың төлем тәртібінің жақсы екенін көрсетеді. Қазір банкте 730 мың депозит бар, осы жылғы 9 айда банк жүйесіне 187 мың жаңа қатысушы кірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу