Мопед тізгіндегендер жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналады

317

Мопед жүргізушілерінде "А1" санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. 

Мопед тізгіндегендер жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналады Фото: Колеса

Мәжіліс депутаттары "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі заң жобасына сәйкес, мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған. Бұдан басқа мопед жүргізушілері толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіру ұсынылып отыр.

Бұдан былай азаматтар мопедтерді басқару үшін уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді. Сонымен қатар, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алып, жыл сайынғы техникалық байқаудан да өтуі тиіс.

Сонымен қатар көлік құралдары жүргізушілері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет. Жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу