Мораторий алынып тасталса, 1 млн 300 мың кәсіпкерге тексеріс басталуы мүмкін

862

Қаржы министрлігінің бұл бастамасына "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы түбегейлі қарсы, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мораторий алынып тасталса, 1 млн 300 мың кәсіпкерге тексеріс басталуы мүмкін

Министрліктің әрекеті, бар болғаны айыппұлдармен амалдап, бюджеттегі жыртықты жамауға тырысу ғана,- дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Егер мораторий алынып тасталса, онсыз да пандемиядан оңбай соққы алған шағын бизнес үшін жығылған үстіне жұдырық болмақ. Мәселен, коронавирус дендеп, шектеулер енгізілгелі елдегі жүз мыңнан астам шағын бизнес субъектісі тақырға отырып, жабылып қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу