Morgan Stanley болжамы: Ресей сәуірдің ортасында дефолт жариялайды

1231

https://www.bloombergquint.com/business/morgan-stanley-sees-russia-set-for-venezuela-style-debt-default  

Morgan Stanley болжамы: Ресей сәуірдің ортасында дефолт жариялайды

Себебі сол кезде 2023 және 2043 жылдары өтелетін доллар облигацияларына жасалған 30 күндік жеңілдік аяқталады. Бұл туралы Bloomberg  жазады.

"Ең ықтимал сценарий – дефолт деп санаймыз. Бұның жай дефолтқа ұқсауы екіталай, салыстырып айтсақ Венесуэла жағдайын басынан кешуі мүмкін", - дейді Морган Стэнли сарапшылары.

Олардың пікіріне сүйенсек, Ресейде санкциялар алынғаннан кейін ғана "ойынға" қосылатын мұнай активтері бар – дәл Венесуэла тәрізді. Оның үстіне дефолт әрі сот шешімі болған жағдайда, Ресейге несие берушілер Ресейдің тыс елдерде "қатып тұрған" активтеріне, соның ішінде валюталық резервтеріне қол жеткізе алады.

Morgan Stanley мәліметтері бойынша, АҚШ банктері Ресей қаржы министрлігінің купондық төлемдерін қабылдай ала ма, жоқ па – ол беймәлім.

Айта кетейік, "Ресей Украинаға басып кірді" деп есептейтін батыс елдері Ресейге көптеген санкция салды,  елдің нарығынан жеке компаниялар да кете бастады немесе жұмысын тоқтатты.

Қазір Ресей әлемдегі ең көп санкция салынған ел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу