Моргенштерн тағы да заң бұзды деп айыпталды

366

Ресейден қашқан рэпер Алишер Моргенштерн тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Моргенштерн тағы да заң бұзды деп айыпталды Фото: РИА Новости

Бұл туралы телеграм-каналда Мәскеудің жалпы юрисдикция соттарының біріккен баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мәскеу қаласының Савелов аудандық сотының қаулысымен Моргенштерн Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 19.34 — бабының 4-бөлімінде (шетелдік агенттің тәртібін бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша ол әлеуметтік желілерде жариялау кезінде шетелдік агенттің таңбасын қолданбағаны үшін айыпталады.

Айыппұл 45 мың рубльді құрады.

Моргенштернге бұған дейін де шетелдік агенттердің қызметі туралы заңды бұзғаны үшін үш рет айыппұл салынған. Барлық жағдайда айыппұл 40 мың рубльді құрады.

Осы жылдың маусым айының соңында Мәскеу прокуратурасы қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін тергеу органына Моргенштернге қатысты тексеру материалдарын жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу